Материалы за Март 2024 года » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
“Сардар” облыстық кешенді олимпиадасы
29
March
2024
“Сардар” облыстық кешенді олимпиадасы
28-29 наурыз күндері Талдықорған қаласында 11-сынып оқушылары арасында “Сардар” облыстық кешенді олимпиадасынан 3-орын және “Дене дайындығын анықтау кезеңінде” 1-орын иеленген мектебіміздің 11-сынып оқушысы Азаматұлы Марат  Республикалық кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Ж.Көптлеуов. #aksu_bilim_bolimi20 #zhetisu_umc  #marat.suleimenov81  #zhetysu_bilim  #marlen_kolbaev
Дәстүрінің бал қаймағы әжелер
21
March
2024
Дәстүрінің бал қаймағы әжелер
Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасына арналған "Дәстүрінің бал қаймағы әжелер" атты зияткерлік сайыста мектебіміздің ұстаздарынан құралған әжелер командасы жүлделі 3 орын иеленді
Халықтың ұлттық ойындары
20
March
2024
Халықтың ұлттық ойындары
Тарихи халқымыздың– мәдени мұраларының түрлері сан түрлі. Олардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі - ұлттық ойындар.  Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро - эпостарының қай - қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет - ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі
Облыстық шебер-класс
19
March
2024
Облыстық шебер-класс
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ “Әдістемелік орталығы” КММ тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді  ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік- педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілеріне арналған  облыстық шебер-класс алаңында « Белсенді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары” номинациясымен А.Мұратұлы және “Белсенді сынып жетекші” номинациясымен А.Ахметова марапатталды.
Ұлттық киім ұрпаққа мұра
19
March
2024
Ұлттық киім ұрпаққа мұра
“Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” КММ-нің 4 “Ә” сынып жетекшісі Ж.Қ.Алипова тәрбие сағатын өткізді. Тақырыбы:Ұлттық киім ұрпаққа мұра. Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі,мәдениетін және Ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық  сана-сезімін ояту. Эстетикалық тәрбие беру.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі
18
March
2024
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге  жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Тіршіліктің жаңарып, жер әлемнің  жанданған, күн мен түннің теңелген, жер бетінің көгерген ұлыстың мерекесіне орай Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлеріміз өскелең ұрпаққа насихатталды
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптейік
18
March
2024
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптейік
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Әр ұлттың өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтары сақталған. Ал қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай халық. Әр заманның өзіне тән салты мен дәстүрі қалыптасқан. Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, тарихи білім мен мәдени құндылықтарды сақтауға арналған маңызды күн болып саналады. Ол күнде
Ата-аналар жиналысы
15
March
2024
Ата-аналар жиналысы
15.03.2024 күні "Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы" КММ -де  мектеп ата -аналарымен жиналыс өтті. Семинар барысында мектебіміздің психологы А.Н. Кыдырманова ата аналармен күйзелістен шығу жолдары атты тақырыпта тренинг өткізді. Ата- аналарға кеңестер беріліп, пікір алмасты.
"Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі
15
March
2024
"Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі
"Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңінен оқушыларымыз Мұрат Асыл сертификат, жетекшісі З. С. Жонкешова, Жұмабек Отан 3 орын иеленді, жетекшісі Н. М. Нүрсейтова