Материалы за Май 2025 года » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
«Мектебім, саған мың алғыс!»
23
May
2025
«Мектебім, саған мың алғыс!»
«Мектебім, саған мың алғыс!» Соңғы қоңырау — балалық шақпен қоштасудың, жаңа өмірге қадам басудың нышаны. Бүгін мектебіміздің ауласында толқыныс пен қуаныш қатар өрбіген ерекше күн өтті. 11-сынып түлектері ақ бантигі мен көк лентасын тағып, мектеппен қоштасу сәтін жүрек тебіренісімен қарсы алды. Құттықтау сөздер, естелік әндер, гүл шоқтары мен көз жасына толы сәттер… Мектеп қабырғасынан алған білім мен тәрбие – өмірлік жолда шамшырақ боларына сенеміз. Сәт сапар, түлек! #СоңғыҚоңырау
Облыстық “Жас құтқарушы” слеті
15
May
2025
Облыстық “Жас құтқарушы” слеті
Облыстық “Жас құтқарушы” слетінде “Газет-жарнама қалқаны” кезеңінде ІІ-орын иеленді.
“Алау” әскери-спорттық ойыны
15
May
2025
“Алау” әскери-спорттық ойыны
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай облыстық “Алау” әскери-спорттық ойынынан жүлделі ІІІ-орын иеленді.
«Айбын» аудандық әскери-патриоттық ойыны
15
May
2025
«Айбын» аудандық әскери-патриоттық ойыны
Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл толуына орай оқушылар арасында «Айбын» аудандық әскери-патриоттық ойынына мектебіміздің командасы қатысып АК-74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан үздік нәтиже көрсеткені үшін Ерікұлы Бағлан бағалы сыйлық пен мадақтамамен марапатталды.
Ұлы Отан соғысының 80 жыл толуына
15
May
2025
Ұлы Отан соғысының 80 жыл толуына
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты , ел тағдыры үшін ерлік көрсеткен ата бабаларымыздың рухына тағзым ету мақсатында аудандық әскери- патриоттық бағытта " Жас құтқарушы" слеті ұйымдастырылды. Командалық жарыстан Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінің оқушылары жүлделі 1 орынды иеленді. Жетекшісі Ж.Көптлеуов.
"Мамандықтар марафоны"
15
May
2025
"Мамандықтар марафоны"
"Мамандықтар марафоны" жобасы аясында оқушылардың төтенше жағдай қызметкерлерінің ұйымдастырылуымен "Ашық есік" күні ұйымдастырылды.
Облыстық “Best мектеп парламенті”
15
May
2025
Облыстық “Best мектеп парламенті”
Облыстық “Best мектеп парламенті” жарысында мектеп парламенті “Командалық рух” номинациясын жеңіп алды! Жарыс барысында презентация қорғап, түрлі тапсырмаларды орындадық. Бұл жеңіс — бірлік пен ұйымшылдықтың нәтижесі. Осындай тәжірибе үлкен шабыт сыйлады. Барлық ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіреміз! Алда жаңа белестер!
"Біртұтас тәрбие" сенбілікке шарасы
15
May
2025
"Біртұтас тәрбие" сенбілікке шарасы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасына сәйкес оқушылар арасында экологиялық тәрбиені қалыптастыру мақсатында жоғары сынып оқушылары экологиялық акция ұйымдастырып, сенбілікке шықты
«Қамқор» жобасы
15
May
2025
«Қамқор» жобасы
Қамқор жүректен — шексіз мейірім! «Қамқор» жобасы аясында мектеп оқушылары қарттарға қолғабыс көрсетіп, көмек қолын созды. Үй шаруасына көмектесті, ауласын тазалады, жылы сөз айтып, қуаныш сыйлады. Мейірімділік — кішкентай істерден басталады. Біз бірге — мейірімді қоғам құрамыз! #ҚамқорЖобасы #ЖасҚайырымдылар #ҰрпақтарСабақтастығы #МейірімШуағы #Jasyldyr 
Жайдарман Обылыстық іріктеу лигасы
15
May
2025
Жайдарман Обылыстық іріктеу лигасы
Ағымды жылдың 24 сәуір күні – 9«Б» сынып оқушылары, Жайдарманның Обылыстық іріктеу лигасына қатысып, үлкен сахна төрінде өнер көрсетті. Бұл біздің мектебіміздің алғашқы қадамы болса да, үлкен жауапкершілікпен дайындалып, көрермен алдына зор сеніммен сахнаға шықты.