Интернетсіз бір күн
«Мен OFFLINE (оффлайн)» Халықаралық интернетсіз бір күн
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ – де 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының өтілуі жөніндегі іс – шара жоспарын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары І.Ә.Жұмабекова мен Е.Дуйсенғалиұлы құрып, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне акцияның мақсаты мен өтілу барысын таныстырды. 27 қаңтар күнін - «Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясы деп жарияланғандықтан, сынып жетекшілер оқушылар мен ата-аналарға интернетсіз халықаралық күн туралы сынып сағаттарын, әңгімелесуді ұйымдастырды. 8 «Ә» сынып жетекшісі А.Т.Сейітбатқалова «Компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсері» тақырыбында дебат сабағын ұйымдастырды. Бастауыш сынып мұғалімдері: К.Е.Бакеева, Г.Сатыбалдина, Г.Т.Садақбаева, А.Танатарова, Б.Н.Жазылбекова сыныптарында «Ғаламтордың зияны мен пайдасы» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
«Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясын жүзеге асыру мақсатында 5 – 11 сынып оқушылары арасында эссэ байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша 1 – орынды 9 «А» сынып оқушысы Ә.Нұрахмет иеленді.
Үйірме жетекшісі Ғ.А.Абдрахманова 7 сынып оқушыларымен «Ж.Сыдықов атындағы тарихи – өлкетану» мұражайына саяхат жасады. Мұражайда оқушылар Жүрімбек атамыздың еңбектері мен зерттеген құнды материалдарымен танысып, бір сәт ұялы телефонсыз өткен қызықты сәттерімен бөлісті.
1- 4 сынып оқушыларына арналған «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауын көркем еңбек пәнінің мұғалімі І.К.Жанибекова ұйымдастырды. 2 «А» сынып оқушысы Тұрсынбай Шырын, 3 «А» сынып оқушысы МұратАсылы, 2 «Ә» сынып оқушысы Дәуренұлы Елшат үздіктер қатарынан көрініп, марапатқа ие болды.
25 қаңтар күні 10 – 11 сынып оқушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: І.Ә.Жұмабекова мен Е.Дуйсенғалиұлы «Менің интернетсіз бір күнім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған шараға оқушылар белсенді ат салысып, өз ойларын еркін жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.
Акция барысында ұйымдастырылған шаралар интербелсенді тақта арқылы өткізілді.
<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri",sans-serif; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}