22
October
2024
“Әкелер мектебі” жобасы аясындағы жиын
Ағымдағы жылдың,қазан айының жиырма екінші жұлдызында Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі оқушыларының әкелерінің басы қосқан, “Әкелер мектебі” жобасы аясында жиын өткізілді.
Дәріскер: Жетісу әкелер мектебі» әлеуметтік жобасын ұйымдастырушы Д.Асқанбаев.
«Әкелер мектебі» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:
1. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;
2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;
3. Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау.
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
· Отбасылық құндылықтарды сақтау;
· Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
· «Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамыту;
· білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қа- зақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестік- тердің қатысуын жандандыру;
· отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;
· жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеумет- тік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;
· үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.
· Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
· Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру
ЖОБАДА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР:
· Ата-аналардың оқу процесіне белсенді қатынаспауы;
· Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласпауы;
ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
1. Отбасындағы сенімділік
2. Дәстүрлерді сақтау
3. Үлкенге құрмет , кішіге ізет
4. Туысқандық қатынастағы отбасы
5. Еңбексүйгіштік
6. Сүйіспеншілік
7. ЖоMarchтық
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана мен бала арасындағы алшақтық жойылып, өзара ынтымақтастық орнауы, әкенің бала тәрбиесіне көңіл бөлуінің жақсаруы, отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін ұғынуы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: "Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін" деп жиын қорытындыланды.