Мектеп тарихы
Арасан мен Абдра (Ақсу) ауылдары арасында (25 шақырым) жерде тастан қаланған екі бөлмелі houseболды. Бір бөлмесі почта, екінші бөлмесі абақтыға айдалып бара жаткандарды уақытша қаMayтын бөлме болған. Почта тикеті кейіннен жергілікті елдің айтуымен «Тас бекет» деп аталған. 1889 жылдары Верныйдың әскери қызметкері, саяхатшы Абакумовтың осы аймақты аралап, біраз қоныстану құрметіне жаңа қоныстанған казактар станциясына айналған елді-мекен пункт болғандықтан «Абакумовка» деп атаған.
Ауданның сол кездегі дәріс берген алғашқы ұстазы Иван Григорьевич Прошунин еді. Оның әкесі 30 жылға жуық пошта бастығы болып қызмет еткен. Абакумовка селосында 1910 жылы 2 кластық орыс мектебі болған. Осы мектепте алғаш мұғалім болған Иван Григорьевич Прошунин еді. Осылай қалыптасқан Абакумовка мектебі 1935 жылға дейін бастауыш, 7 жылдыққа жетіп, 1936 жылдан бері азамат соғысының батыры В.И.Чапаев атындағы орта мектебі болып өркендеді.
1970 жылдары Чапаев атындағы орта мектепте 55 мұғалім қызмет етіп, оқушы саны 1070 жетті.
Чапаев атындағы орта мектептің алғашқы директорлары Бекдулин Рақымжан, Тоқтыбаев, Көкібаев, Хамитовтар болған.
1976 жылы Чапаев орта мектебі жаңа ғимаратқа көшіріліп, «Октябрьдің 60 жылдығы» атындағы мектеп болды.
1993 жылы мектепке жерлесіміз академик Жүрімбек Сыдықұлы Сыдықовтың есімі берілді.
2010 жылы 17 маусында "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” мемлекеттік мекемесі /№0141667/ лицензиясы берілді.