01
September
2021
200% үстеме ақы қосу туралы
«Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке
дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district
Бұйрық № 130
01.09.2021 ж. Жансүгіров ауылы
200% үстеме ақы
қосу туралы
Алматы облыстық Білім басқармасының 2018 жылғы 16 ақпан күнгі № 26-Ө бұйрығы және Ақсу аудандық білім бөлімінің 16 ақпан 2018 жылғы № 53 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
- Информатика пәнінің мұғалімі А.А.Кырыкбаеваның 2018 жылдың 15 –тамыз – 07 – желтоқсан (4 ай) Талдықорған қаласындағы орта білім беру саласындағы үш тілде оқыту бағдарламасын енгізу аясында өткізілетін «Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын тілдік біліктілікті арттыру курсынан өтіп тілдік деңгейін С1 деңгейге көтергеніне байланысты 11 «А» - сыныбынан информатика пәнінен факультатив есебі негізінен берілген 1 сағат жүктемеге 200% үстеме ақы төленіп, тарифтік тізімге енгізілсін.
- Физика пәнінің мұғалімі А.Е.Сапарованың 2018 жылдың 19 – ақпан – 16 маусым (4 ай) Талдықорған қаласындағы орта білім беру саласындағы үш тілде оқыту бағдарламасын енгізу аясында өткізілетін «Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын тілдік біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тілдік деңгейін В2 деңгейге көтергеніне байланысты 11 «А» - сыныбынан физика пәнінен факультатив есебі негізінен берілген 1 сағат жүктемеге 200% үстеме ақы төленіп, тарифтік тізімге енгізілсін.
- Химия пәнінің мұғалімі Әсетбек Құнайыптың 2017 жылдың 4 – қыркүйегі 2018 жылдың 26 маусым (10 ай) Талдықорған қаласындағы орта білім беру саласындағы үш тілде оқыту бағдарламасын енгізу аясында өткізілетін «Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын тілдік біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тілдік деңгейін С1деңгейге көтергеніне байланысты 7 «А» - сыныбынан химия пәнінен факультатив есебі негізінен берілген 1 сағат жүктемеге 200% үстеме ақы төленіп, тарифтік тізімге енгізілсін.
Директор Ә.М.Сыздықбаев