05
April
2022
2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak districtнде 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау жылдағы үрдіс бойынша жалғасын табуда. Құжаттар қабылдау 1 - сәуірде басталып 1- тамызға дейін жүргізіледі.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау қызметі толық автоматтандырылған. 1-сыныпқа қабылдау E.gov.kz. электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмабекова Інжу Әуесбекқызы жаңа, яғни 2022 – 2023 оқу жылына 1- сыныпқа құжат қабылдау ережесімен таныстыру мақсатында МАД топ мұғалімдері мен 4 - сынып жетекшілерімен семинар – кеңес өткізді. 1-сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданатынын, оған баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 және 063/у денсаулық жағдайы туралы құжат, өлшемі 3х4 екі фотосурет қажет екенін айтып өтті.
МАД топ мұғалімдері мен 4 - сынып жетекшілеріне сыныптарды жинақтап, тізімдерді анықтау мақсатында нақты тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналарға балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.