03
November
2023
Іс-тәжірибе алаңы
2023 жылдың 2 қараша күні Е.Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында "Жетісу облысы білім басқармасы"ММ әдістемелік орталығы педагогтердың білімін үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартуда функционалдық сауаттылықтарын арттыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында іс-шара өтті. "Білім алушылардың білім жетістіктерін жақсартудың тиімді жолдары" (каникулдық мектеп) тақырыбында бағдарламаға сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері (4 сынып) облыстық семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті. "Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, спикер Сатыбалдина Гулнар Сатыбалдиновна "Жаратылыстану сабағында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру" атты тақырыпта шебер-сынып өткізді. Шебер сыныпта қарастырылған сұрақтар: Оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру неліктен өзекті? Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану сауаттылығын және ойлауын қалай қалыптастырамыз? Нені жоспарлаймыз, қалай ұйымдастырамыз? Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде өткенін және өз қоржындарына құнды әдіс-тәсілдер алғандары туралы кері байланыс беріп, ризашылықтарын білдірді.