05
февраль
2024
Білім беру ұйымдарында қаржы жинауға тыйым салу туралы
https://www.instagram.com/reel/C24parUimK9/?igsh=c2cyc2cxMHlkY3d4
Облыстың барлық білім беру ұйымдарында түрлі себептермен (жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кеңсе тауарлары, салтанатты шаралар барысында сыйлықтар алуға, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тесттер өткізуге, т.с.с) оқушылар мен олардың ата-аналарынан, педагог қызметкерлерінен қаржы жинауға тыйым салынған.
Жетісу облысы бойынша білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында білім басқармасы тарапынан 2023 жылы 25 тамызда №1099-Н бұйрығы шығарылып, барлық облыстық білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары таныстырылды.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде ақша жинау бойынша түскен арыздар бойынша облыс әкімінің орынбасары М.Көлбаев білім бөлімі басшыларымен жиналыс өткізіп, басқарма басшысы 2 рет видеоүндеу жариялады.
Өткен 2023 жыл бойы заңсыз ақша жинау бойынша 4 арыз түсті. Келіп түскен арыздар бойынша комиссия құрылып, білім беру мекемелері ұжымынан, ата-аналардан анонимді сауалнамалар алынып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде арызда көрсетілген ақша жинау фактісі анықталған Kerbulak district, Жоламан орта мектебінің директоры жұмыстан босатылып, Талдықорған қаласының 2 директорына сөгіс берілді.
Бұл мәселе облыс әкімдігі мен басқарманың қатаң қадағалауында.