Материалы за Январь 2025 года » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
"МИФ" онкүндігі
31
January
2025
"МИФ" онкүндігі
20.01-31.01.2025 ж аралығында мектебімізде "МИФ" онкүндігі ұйымдастырылып өткізілді
Цифрлық сауаттылық -заман талабы
31
January
2025
Цифрлық сауаттылық -заман талабы
31.01.2025 ж МИФ апталығының жоспарына сәйкес информатика пәнінің мұғалімдері А.Т.Ермухамбетова мен Г.Ж.Кулынбаевалар 9-11-сынып оқушыларымен "Цифрлық сауаттылық-заман талабы" тақырыбында семинар өткізіп, интернет қауіптіліктің алдын алу мен сауатты пайдалану жолдарын таныстырып өтті
"Интернет алаяқтық” профилактика
30
January
2025
"Интернет алаяқтық” профилактика
Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыдарына арналған “Интернет алаяқтық” атты профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Қонақ дәріскер:Ақсу Апб Кпб аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ахметбекұлы Бірлік
Кәсіби бағыт-бағдар
30
January
2025
Кәсіби бағыт-бағдар
Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағыт-бағдар,мамандық таңдау бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру, мамандықтарды таныстыру,академияда оқудың артықшылықтары,конкурс жүйесі,кандидаттарға қойылатын талаптарға негізделген кездесу өткізілді!
“Жігер”жас мамандар апталығы
30
January
2025
“Жігер”жас мамандар апталығы
2025 жылдың 29.01-06.02 аралығында “Барлық жетістіктер бірінші қадамнан басталады” атты “Жігер”жас мамандар апталығы басталды.Апталықтың ашылу салтанаты аталып өтті.
Мектеп мақтаныштары!
29
January
2025
Мектеп мақтаныштары!
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық)  кезеңінде мектебіміздің оқушылары: 9-сынып оқушысы Айтмұхамет Ұлнұр химия пәні бойынша  ІІІ орын, жетекшісі: Әсетбек Құнайып, 10-сынып оқушысы Ермұрат Жәнібек биология пәні бойынша  ІІІ орын, жетекшісі: Камбаева Зульфия Нуртаевна, 10-сынып оқушысы Мухаметалиқызы Айым құқық пәні бойынша  І орын, жетекшісі: Корганбаева Айгерим Адилбаевна, 9-сынып оқушысы Мұрат Асыл ағылшын тілі
Қосымша қысқы демалыс
29
January
2025
Қосымша қысқы демалыс
📣 Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады 🏫 Еліміздің  мектептерінде  2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.  🎒 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.
"Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасы
29
January
2025
"Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен "Жарқын болашақ" республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде "Бейнелеушілер" бағыты бойынша 10"б"-сынып оқушысы Александрқызы Аида жүлделі 2 орын, "Сөз шеберлері" бағыты бойынша 10"б"-сынып оқушысы Худекова Мария жүлделі 3 орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Б.Бирлестикова
Мамандықтар марафоны
29
January
2025
Мамандықтар марафоны
"Біртұтас тәрбие" жоспарына сәйкес "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында " Мамандықтар марафоны" негізінде мектебіміздің түлегі Ақсу аудандық электрмен жабдықтау бөлімінің басшысы Құдайбергенов Асет  мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Өзінің электрик мамандығы бойынша көптеген маңызды ақпараттар бере отырып,қызықты оқиғаларымен де бөлісті.Ең бірінші әрқашанда болашақ ұрпақтың қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалауын талап етті.Кездесу өте маңызды,қызықты болды .
Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу
27
January
2025
Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу
"Біртұтас тәрбие"жоспарына сәйкес балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша Ақсу АПБ КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ахметбекұлы Бірлік оқушылар арасында түсіндірме жұмысын жүргізіп,бейнеролик көрсетті.