Материалы за Январь 2025 года » Страница 3 » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Оқушының құқықтары мен міндеттері
18
January
2025
Оқушының құқықтары мен міндеттері
Тәрбие жоспарына сәйкес “ Оқушының құқықтары мен міндеттері” тақырыбында 9 ә  сыныбында тәрбие  сағаты өтті.   Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру және де оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әркеттерін дамыту.  Қазақстан болашағына үлесін қоса білетін білімді де , ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеуге бағыттау. Сынып жетекшісі: А.А.Корганбаева
Аудандық IQas-квиз зияткерлік ойыны
17
January
2025
Аудандық IQas-квиз зияткерлік ойыны
Аудандық IQas-квиз зияткерлік ойын жарысынан "Тастүйін" командасы, Баяхметов Әділет 3 орын иеленді
“Театр - тәрбие бастауы”
17
January
2025
“Театр - тәрбие бастауы”
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу бойынша “Театр - тәрбие бастауы” атты облыстық байқаудың аудандық кезеңінен  9б сыныбы екінші дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен мараппатталды! Жалынды сөзге емес, жасампаз іске бейім жастарымызбен біз әрқашан мақтанамыз!
Мамандыққа бейімдеу
15
January
2025
Мамандыққа бейімдеу
2024 жылғы мектебіміздің түлегі, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери Институтының курсанты Алмас Архатпен  10-11 сынып оқушыларының әскери оқу орындарға қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
"Қоғамдағы заң мен тәртіп"
15
January
2025
"Қоғамдағы заң мен тәртіп"
"Біртұтас тәрбие " жоспарына сәйкес құқықтық онкүндік аясында "Қоғамдағы заң мен тәртіп"атты мектебіміздің әдеп және құқық жұмысы жөніндегі менторы Қабдрахман Әйгерім жоғары сынып оқушыларымен зияткерлік ойын ұйымдастырды.Оқушылармен сұрақ-жауап,ситуациялық сұрақтар,пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар өте белсенді атсалысып сеотификат пен және кішігірім сыйлықпен марапатталды!
"Біртұтас тәрбие"
15
January
2025
"Біртұтас тәрбие"
"Біртұтас тәрбие "жоспарына сәйкес құқықтық онкүндік аясында құқық пәні бойынша Республикалық ауыл олимпиадасының жүлделі 2 орын иегері Мұхаметәлиқызы Айымнан алынған сұхбат.Жетекшісі құқық пәнінің мұғалімі Ә.Ә.Қорғанбаева.
"Заңды білу - заман талабы"
13
January
2025
"Заңды білу - заман талабы"
Қаңтардың 13-23 аралығында өтетін "Құқықтық тәрбие" онкүндік іс- шара жоспарына сәйкес "Заңды білу - заман талабы" атты онкүндігі басталды. Schoolchildren құқықтық тәрбие туралы  түсіндірме жұмысы жүргізілді. Құқықтық тәрбиеге байланысты кроссвордтар шешіліп, оқушылардың білім деңгейінің артуына ықпал жасалды.
“Астың жақсысы-денсаулықтың негізі”
09
January
2025
“Астың жақсысы-денсаулықтың негізі”
“Астың жақсысы-денсаулықтың негізі” Бүгінгі ас мәзірінде: Балық биточки, сәбіз салаты,гарнир(езілген картоп), кептірілген жеміс кампоты, қара нан
"Мен оқыған бір ертегі"
08
January
2025
"Мен оқыған бір ертегі"
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жоспарға сай қысқы демалыс кезінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Мен оқыған бір ертегі"  атты мектеп кітапханашылары Д.Жакипова және С.Халидолда мектеп оқушыларымен ертегілер оқып,кейіпкерлер туралы оқушылардан кері байланыс орнатты.Әр ертегі туралы театрлық қойылымдар ұйымдастырып,оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтары артты
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
08
January
2025
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы " негізінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған жоспарға сәйкес жоғарғы сынып оқушыларымен тарих және құқық пәнінің мұғалімі Ө.Досымбеков құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмысын өткізіп, ата-аналарға жаднама таратылды