Қызылша ауруының алдын алу жолдарымен таныстыру
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызылша
Қызылша – кең таралған жіті
инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін
көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен
сипатталады.
Қызылша бүгінгі күні ең жұқпалы
аурулардың бірі. Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын
қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен
қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін
қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте
маңызды. Осыған орай қызылша ауруының алдын алу мақсатында сынып
жетекшілер оқушылармен сынып сағаттарын өткізсе, мектеп медбикесі М.Мусанова ата-аналарға және педагогикалық ұжымға аталған аурудың белгілері мен алдын алу жолдарын таныстырды.