13
May
2019
Ұлағатты ұстаз есімі ұмытылMayды!
Ұлағатты ұстаз капитан Аубакиров Айғали Иманғалұлын еске
алуға арналған әскери –спорттық патриоттық сайысынын сценарийі
1-жүгізуші: Армысыздар құрметті, ұстаздар, оқушылар!
Ұлағатты ұстаз капитан Аубакиров Айғали Иманғалұлын еске алуға арналған әскери –спорттық патриоттық сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Аубакиров Айғали Иманғалиұлы 1956 жылы 26 қаңтар күні Almaty region Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек, анасына қамқоршы, көмекші бола білді. Мектеп қабырғасын Ы.Алтынсарин атындағы білім ошағында бастап, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептен аяқтап шыққан. 1977 жылы Бугуруслан ұшқыштар училищесіне бітіріп шыққан соң, 1982 жылға дейін Талдықорған қаласындағы әуеайлақта ұшқыш болып жұмыс жасады. Бірақ, білімге жаны құмар ағамыз жан қалауымен, арман жетегімен 1985 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансугуров атындағы Жетісу педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1990 жылы орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады.
.
1 - жүргізуші:. Ел жақсысын еске алу –ұлтымыздың ұлы істерінің бірі. Қазақ қашаннан ақыны мен ардагерін ардақтап , аялай білсе, жалпы адамзат баласы алдында ұстаз еңбегінің алар мәртебесі зор. Саналы ғұмырының тең жартысын табан аударMay жас ұрпаққа білім беріп тәрбие үйретуге арнаған мектебіміздің ардагер ұстазы Аубакиров Айғали Иманғалиұлы біздің жүрегімізден ерекше бір құрметпен орын алады. Өмір-өз өнегесімен өлшенеді. Адам өмірінің өлшемі-өмір сүрген күндерімен, жылдарымен емес , ғұмырындағы мәнді тірлігімен елге тигізетін пайдасымен өнегелі істерімен өлшенетіні анық. Әскери , өнегелі істерімен ардақты ардагер ұстазымыз мәңгі біздің жүрегімізде
2 - жүргізуші: Ұстаз, осы сөзді айтқанда бойыңда бір тербеніс пайда болады. Қарап тұрсаң жай ғана сөз, ешқандай ерекшелігі жоқ, мамандықтың атауы. Ал, осы сөзді естігенде, жәй ғана мамандық емес, сол мамандықтың нақты иесі көз алдымызға елестеп келеді. Айғали Иманғалиұлы 35 жылға таяу мектеп қабырғасында еңбек етті. 1979 жылы ұстаздық еңбек жолын Чапаев атындағы мектепте Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің мұғалімі болып бастаса, 1983 жылы Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы атындағы мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1986 жылы қайтадан Алғашқы Әскери Дайындық пәні қызметіне ауысты. 1992 жылы педагог ұйымдастырушы қызметін атқарды. 1995- 1999 жыл аралығында, заманның тоқырау кезінде, мектебімізде жарық, жылу жүйесі болмаса да, мектеп директоры қызметін атқарып, өзінің біліктілігімен тығырықтан шығып, оқушылардың білім алуына жағдай жасады. Оқушылар және олардың ата-аналарымен тіл табыса отырып, әр сыныпқа жекелей пеш салдырып, оқушылардың жанын жылытуға, алаңсыз білім алуға өз үлесін қосты. Осындай ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде ауданның сыйлы азаматтары қатарынан көрінді.
1 - жүргізуші: 1999 жылдан бастап қайтадан Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің мұғалімі қызметінде жұмысын жалғастырды.
Ұстаздық еңбек жолында өз жұмысына ат үсті қарап көрген емес.Әр уақытта да жаңалық іздеп, еңбегінің тиімділігін арттыру үшін тер төгіп жұмыс істеді.Соның арқасында оқушыларының, олардың ата-аналарының сый құрметіне бөленген. Ұстаз оқытқан шәкірттері алғашқы әскери пән ұстазының құрметін асқақтатып өздеріне білімнің қайнар көзі болған №27 алғашқы әскери дайындық пәні кабинетін демеушілік танытып толық жабдықтауына үлес қосты.Бұл да ұстаздың шәкірт алдындағы беделінің айғағы. Осындай таза, адал еңбегінің нәтижесінде білім беру саласының құрмет грамоталары мен медальдарымен марапатталған
2-жүргізуші: Қазақстан патриоты – Отан медалімен
Қазақстан Республикасының білім министірлігі, Алматы облыстық білім департаменті.
Облыстық Қорғаныс Департаментінің грамотасы және Қарулы Күштерінің 20 жылдық медалімен
Совет одағының батыры Талғат Бегелдинов медальдарымен
Облыстық Қорғаныс Департаментінің құрмет грамотасы.