Алғашқы қоңырау
“ Армысың аяулы мектебім!”
2019 жылдың 1- қыркүйегі күні «Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak district бойынша “ Армысың аяулы мектебім!” атты салтанатты алғашқы қоңырау мерекелік іс – шарасы болып өтті. Іс-шара мектеп жаныңдағы орталық алаңда Сағат 9:30 –де басталды. Іс-шараға 1-11 сыныптар оқушылары, ұстаздар, ата - аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жүргізуішінің кіріспе сөзінен кейін музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шықырылды. Меркелік іс-шара Қазақстан Республикасының гимнінің орындалуымен ашылды. Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры А.Б.Турарбаева сөз сөйледі. Жиынның қонақтары сөз берілді. 1-сынып ұстаздары атынан құттықтау сөзі Б.Н.Жазылбекова сөз берілді. 1 сынып оқушылары өзерінің тақпақтарымен өлеңдерін айтты. Алғашқы қоңырауды 11 «А» сыныбының оқушысымен 1 «А» сынып оқушысы соқты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының гимнімен 11:00 -да аяқталды. Алғашқы қоңырау мерекесінде өткізілетін «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты алғашқы дәстүрлі тәрбие сағаты дүйсенбі күні бірінші сабақта өткізіледі.