19
август
2020
Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгір ауылы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде 19 тамыз күні сағат 11.30 мектепшілік педагогикалық кеңес zoom платформасы арқылы өткізілді.
Жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Өткізу күні: 2020 жылғы 19 тамыз
Өткізу уақыты: әр мектеп өткізу уақытын жеке анықтайды
Тақырыбы: 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру
Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету
Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.
Өткізу форматы: қашықтан. Алдын ала мұғалімдерге сілтемелер жіберіледі
Қатысушылар: әкімшілік, педагогтер.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3) 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
а) техникалық дайындық және жұмыс орны;
б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
в) педагог имиджі және этикетті сақтау;
5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?