Әдістемелік жұмыстар » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық шебер-класс
19
март
2024
Облыстық шебер-класс
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ “Әдістемелік орталығы” КММ тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді  ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік- педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілеріне арналған  облыстық шебер-класс алаңында « Белсенді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары” номинациясымен А.Мұратұлы және “Белсенді сынып жетекші” номинациясымен А.Ахметова марапатталды.
2024 ж педагогтарды аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы
12
март
2024
2024 ж педагогтарды аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі бойынша мектеп ұжымына және әр пән бірлестік жетекшілеріне 2024 жылдың 11-12 наурыз күндері онлайн және офлайн форматта  2024 жылы педагогтерді аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
“Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз”
12
февраль
2024
“Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз”
Бүгін мектепішілік “Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз”атты жас мамандар байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Аудандық кезеңге математика пәнінің мұғалімі А.Әбибулла  жолдама алды.
"Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың құжаттары мен формаларын толтырудың үлгілері"
01
февраль
2024
"Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды
01.02.2024 жылы "Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-де арнайы мамандардың ұйымдастыруымен мектеп ұжымына "Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың құжаттары мен формаларын толтырудың үлгілері" атты тақырыпта семинар өтті. Арнайы педагог Б Кыдырманова мектеп ұжымын құжаттардың толтыру ретімен таныстырып өтті
Тәжірибелік алаң
31
январь
2024
Тәжірибелік алаң
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Осыған орай мектебімізде "Тәжірибелік алаң" ұйымдастырылып, әр пән бірлестік мұғалімдері білім беру үрдісіндегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, креативті идеяларын ортаға салды
Педагогикалық тандем-2024
18
январь
2024
Педагогикалық тандем-2024
Бүгін мектебімізде «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті.  Жобаның мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау және тәжірибе алмасу. Жас мамандарымыз тәлімгерлерімен бірге өз жобаларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға алғыс білдіреміз.  Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген математика пәні мұғалімі Мұхамедмолдина Шынар және тәлімгері Сапарова Айман Есімжанқызы
Пән апталығы
15
январь
2024
Пән апталығы
"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.01.2024 ж оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шеберліктері мен біліктілігін көрсете отырып, ағылшын тіл пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 15.01-19.01.2024 ж аралығында өткізілетін ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің салтанатты ашылуы болды.
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
05
январь
2024
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында 2024 жылдың 5 қаңтар күні каникулдық мектеп аясында "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ базасында "Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "атты тақырыпта аудан көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын арттыру (тәжірибе алмасу). Семинарға әр мектептен келген 60 бастауыш
"МИФ" ғасырдың ғажап үш тірегі
14
декабрь
2023
"МИФ" ғасырдың ғажап үш тірегі
"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-де 05.12-13.12.2023ж  аралығында "МИФ" пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында бірлестік мұғалімдері өз пәндерінен ашық сабақтар беріп, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізіп, оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра білді. Математика пәнінің мұғалімдері 5-11 сынып оқушылары арасында "Зерек" ойынын жүргізіп, оқушыларды жылдам ойлауға, көбейту кестесін ойын арқылы пысықтауға машықтандырды.
Шебер класс
12
декабрь
2023
Шебер класс
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ – де  желтоқсанның 12 – де, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Інжу Әуесбекқызы 1 – тоқсан қорытындысы бойынша олқылықтардың орнын толтыру, үлгермеушілікті болдырмау, білім сапасын арттыру бағытына арналған «Шебер класс» алаңын өткізді. «Шебер – класс» алаңына қатысушы белсенді топтарға тәжірибе бөлісу үшін төмендегідей тақырыптар ұсынылып, әр пән бірлестігі олқылықтардың орнын толтыру, түзету бағыттары бойынша