01
декабрь
2022
«Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2022-2023 оқу жылының 19 желтоқсан күні төмендегі көрсетілген мамандық бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды:
Жетісу облысы Ақсу ауданы «Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2022-2023 оқу жылының 19 желтоқсан күні төмендегі көрсетілген мамандық бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды:
1.Мектепалды даярлық тобы мұғалімі – апталық жүктемесі 24 сағат, 1 маман /уақытша/.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Құжаттарды қабылдау уақыты 2022 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 17.00 ге дейін. Қабыдау орны Ақсу ауданы Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі. Конкурс өткізу күні 19 желтоқсан сағат 09.00-11.00 аралығында.
Все реакции:1Рымгуль Иманалиева