29
январь
2025
Мамандықтар марафоны

"Біртұтас тәрбие" жоспарына сәйкес "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында " Мамандықтар марафоны" негізінде мектебіміздің түлегі Ақсу аудандық электрмен жабдықтау бөлімінің басшысы Құдайбергенов Асет мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Өзінің электрик мамандығы бойынша көптеген маңызды ақпараттар бере отырып,қызықты оқиғаларымен де бөлісті.Ең бірінші әрқашанда болашақ ұрпақтың қауіпсіздік ережелерін қатаң қадағалауын талап етті.Кездесу өте маңызды,қызықты болды .