«Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауы
«Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауы өз мәресіне жетті
«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ - де «Үздік сынып жетекшісі – 2019» байқауы 24.01. күні өтті. Аталған байқауға 5 «А» сынып жетекшісі І.Ә.Жанибекова, 5 «Б» сынып жетекшісі Ә.К.Баяхметова, 6 «Ә» сынып жетекшісі Б.Б.Қондыбаева, 7 «А» сынып жетекшісі Г.С.Калимолдина, 7 «Ә» сынып жетекшісі З.Н.Қамбаева, 8 «А» сынып жетекшісі А.Е.Сапарова, 9 «Ә» сынып жетекшісі Н.Т.Сейітқожанова, 10 «А» сынып жетекшісі М.Рахметолла, 11 «А» сынып жетекшісі Ә.Б.Галиева, 11 «Ә» сынып жетекшісі А.Альбосынова қатысты.
Тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, төмендегі құрамда әділқазылар алқасы бекітілді.
Байқауға қатысушылар ІІ кезең бойынша жарысқа түсті. І кезең «Шебер класс» сабақты ұйымдастыруда дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану арқылы байқаудың қазылар алқасын қатыстыра отырып, сыныптан тыс іс- шаралар (ашық сынып сағаттары, іскерлік ойындар, ата-аналар жиналысы) өткізу (20 минут) 21.01. күні өткізілді. Аталған кезең төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- мазмұнның өзектілігі, жұмыс мазмұнының өткізу түріне сәйкестігі;
- педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі;
- қалыптан тыс іс-шара жүргізу түрі;
- ата-аналармен қарым-қатынас деңгейі;
- педагогикалық мәдениет, сезімталдық;
- ұлтжандылық, патриоттық, азаматтық, адами құндылық тақырыбының ашылуы.
Байқаудың 2 – кезеңі сайыскерлерге берілген тапсырмаларды орындау түрінде өткізілді.
1. Таныстыру кезеңінде (әрбір сайыскер 5 минут ішінде өзі туралы толық мәлімет берді).
2. «Мен-сынып жетекшісімін» (5 минут) шығармашылық тұсаукесері сыныптың және сынып жетекшісінің (презентациясы). Шығармашылық тұсаукесердің (презентацияның) бағалау төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- сынып ұжымы туралы портрет және жалпы мәлімет:
- педагогикалық кредо;
- сынып ұжымы
- сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқаруы;
- оқушылардың тәрбиелілігі;
- ата-аналар комитетімен жұмыс;
- сынып жетістігі;
- оқушыларды қосымша біліммен қамту.
3. Сынып жетекшісінің портфолиосы төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттерінің нақтылығы, дәйектілігі;
- тәрбие жұмысының жүйелілігі;
- тәрбие жұмысы мазмұнының біртұтастығы;
- тәрбие жұмысы жүйесінің авторлық ерекшелігі
4. «Мен және менің сыныбым» тақырыбындағы (5 минуттық) видеофильм құжаттарын зерделеу арқылы жүзеге асырылды. «Мен және менің сыныбым» видеофильмін бағалау өлшемдері төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- материалды ұсынудағы педагогикалық мәдениеттілік;
- материалды ұсыну ерекшелігі;
- сынып жетекшісі мен сынып арасындағы өзара байланыс қарым-қатынасы-ның көрінісі.
5. А-4 форматындағы сынып туралы жарнамалық буклет – сынып жұмысының міндеті мен мақсатын айқындау, сынып ұжымының ерекшелігі, девизі, сынып дәстүрі және т.б. төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- педагогикалық ұстанымның нақтылығы;
- педагогикалық мәдениет;
- сенімділік, дәлелдік;
Байқауға қатысушы сынып жетекшілер жоғарыда аталған шарттар бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың іс-әрекетін төмендегі критерийлер бойынша бағалады: тақырыптың өзектілігі және толық ашылуы, тұжырымдар мен қорытындылардың негізділігі, олардың жаңалығы мен ғылыми – практикалық маңыздылығы, педагогика-психология, жас ерекшелік физиологиясын білу, тәрбие жұмысының әдістемесінің меңгеру деңгейі, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, ғылыми жетістіктеріне сүйену және интерактивті әдістерді пайдалану, педагогикалық ойлаудың ұшқырлығы мен тереңдігі, жеке дара шығармашылық қабілеті, тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін шебер меңгеру, әдістемелік шеберлік, кәсіби және жеке дара қасиеттер, ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалар, азаматтық ұстаным, этно-педагогика материалдарын оқушылармен тәрбие жұмысында тиімді қолдану, шығармашылық жұмысты эстетикалық рәсімдеу. Әділ – қазылардың шешімі бойынша «Ізденімпаз сынып жетекші» номинациясын І.К.Жанибекова, «Шығармашыл сынып жетекші» номинациясын Ә.К.Баяхметова, «Шебер сынып жетекші» номинациясын Ә.Б.Галиева, «Парасатты сынып жетекші» номинациясын А.Е.Сапарова, ІІІ орындарды 6 «Ә», 7 «А», 10 «А» сынып жетекшілері: Б.Б.Қондыбаева, Г.С.Қалимолдина, М.Рахметолла, ІІ орындарды 9 «Ә», 11 «Ә» сынып жетекшілері: Н.Т.Сейітқожанова, А.Альбосынова, І орынды 7 «Ә» сынып жетекшісі З.Н.Қамбаева иеленді.
«Жыл сынып жетекшісі – 2019» байқауының жеңімпаздары
<!-- [if !mso]> v\:* {behavior:url(#default#VML);} o\:* {behavior:url(#default#VML);} w\:* {behavior:url(#default#VML);} .shape {behavior:url(#default#VML);} <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri",sans-serif; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}