Жаңа жыл мерекесі
Мектебімізде желтоқсанның 23-27 күндері мектепалды даярлық тобы және 1-11 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа