Іс-шаралар » Страница 9 » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Біз буллингке қарсымыз "
06
декабрь
2024
"Біз буллингке қарсымыз "
"Біз буллингке қарсымыз "атты оқушылар арасында қазіргі таңда белең алған жағдайлар туралы үздік бейнеролик түсірілді.Оқушылар осы бейнеролик арқылы қоғамдағы ,мектептегі келеңсіз жағдайларды нақты көрсете білді.Зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында оқушылар осындай келеңсіз жағдайларға қарсы екендігін,жарқын болашақты қалайтындықтары туралы өз ойларымен бөлісті.
" Зорлық зомбылықсыз болашақ"
05
декабрь
2024
" Зорлық зомбылықсыз болашақ"
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы аясында " Зорлық зомбылықсыз болашақ" атты орта буын оқушыларымен арт -терапия өткізілді. Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы түсіріп,ойларымен ашық бөлісе білді.Осындай жаттығу түрі оқушыларға өте тиімді екені байқалды.
" Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы
04
декабрь
2024
" Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы
"Біртұтас тәрбие " жоспарына сәйкес " Зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясы аясында мектебімізде мектеп психологы жоспарға сай А.Есболат жоғары сынып оқушыларымен іс- шара өткізді. Отбасындағы дау дамай ,кикілжің туралы бейнероликтер көрсетіліп,әртүрлі жағдааяттарды талдады.Оқушылар өз ойларымен еркін бөлісіп,ортаға салды.
"Күзгі асар" жәрмеңкесі
03
декабрь
2024
"Күзгі асар" жәрмеңкесі
Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Күзгі асар" жәрмеңкесі 1-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: Оқушылар арасында ұлттық құндылықтарға, ауыл мәдениетіне деген сүйіспеншілікті арттыру,өз-қолдарымен дәмді ас жасауға баулу,  оқушылардың қайырымдылық, ынтымақтастық  және ұлттық көрінісін дамытуға ықпал ету. Бұл шаралар жастардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтуға,  бағытталған маңызды қадам болып табылады.
"Өмірге салауатты қадам
02
декабрь
2024
"Өмірге салауатты қадам
"Біртұтас тәрбие " жоспарына сәйкес дүниежүзілік СПИД -ке қарсы күрес күніне орай "Өмірге салауатты қадам"атты сынып сағаттары өткізіліп ,10 сынып оқушылары,сынып жетекшілері Қ.Әсетбек және А.Сапаровның ұйымдастыруымен мектепішілік іс- шара ұйымдастырылды.Ғасыр дерті туралы оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп,өз ойларымен бөлісті.
"Діннен адастырар ұғым "
27
ноябрь
2024
"Діннен адастырар ұғым "
27.11 күні "Біртұтас тәрбие " жұмыс жоспарына сәйкес "Діннен адастырар ұғым " атты жоғары сынып оқушыларымен тарих пән бірлестігінің мұғалімдері А.Қорғанбаева және А.Абдықадыр өскелең жас ұрпаққа өте маңызды,тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді.Оқушыларға түсіндірме жұмысы,бейнероликтер көрсетілді.Оқушылармен кері байланыс орнатылды.Оқушылар өз ойларын ашық айтты.
"Біртұтас тәрбие "
26
ноябрь
2024
"Біртұтас тәрбие "
26.11.  күні мектебімізде "Біртұтас тәрбие "жұмыс жоспарына сәйкес кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық ,жыныстық тиспеушілік,нашақорлықтың алдын алу бойынша қыздар және ұлдар ұйымының жиналысы өткізілді.Мектеп психологтары тренинг өткізіп,оқушылардан кері байланыс жасалды.
"Мамандықтар әлемі"
25
ноябрь
2024
"Мамандықтар әлемі"
Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі "Мемлекеттік тіл -рухани жаңғыру тілі " атты қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы барысында 9 "В " сыныбымен "Мамандықтар әлемі" тақырыбында өткізілген сыныптан тыс іс шара
"Қыс -2024" азаматтық қорғау іс-шарасы
21
ноябрь
2024
"Қыс -2024" азаматтық қорғау іс-шарасы
Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінде аудандық жоспарға сай 2024 жылдың 21 қарашасы күні "Қыс -2024" азаматтық қорғау, құлақтандыру жүйелерін іске қосу мақсатында оқушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвокуациялау жаттығуы ұйымдастырылып, оқушылардың ғимараттан тез арада қауіпсіз жерге аман-есен шығуына дайындық жұмыстары жүргізілді.
"Мейірімді жүрек" акциясы
20
ноябрь
2024
"Мейірімді жүрек" акциясы
Қазақстан Республикасының БҰҰ –ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылданғанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл және  Дүниежүзілік  балалар күні жарияланғанына 70 жыл толуын мерекелеудің жоспарына сәйкес "Мейірімді жүрек" акциясы өтті.