Біз туралы » Страница 3 » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың құжаттары мен формаларын толтырудың үлгілері"
01
февраль
2024
"Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды
01.02.2024 жылы "Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-де арнайы мамандардың ұйымдастыруымен мектеп ұжымына "Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың құжаттары мен формаларын толтырудың үлгілері" атты тақырыпта семинар өтті. Арнайы педагог Б Кыдырманова мектеп ұжымын құжаттардың толтыру ретімен таныстырып өтті
Тәжірибелік алаң
31
январь
2024
Тәжірибелік алаң
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Осыған орай мектебімізде "Тәжірибелік алаң" ұйымдастырылып, әр пән бірлестік мұғалімдері білім беру үрдісіндегі өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, креативті идеяларын ортаға салды
Ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы
25
январь
2024
Ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім
Ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында қоғамдық-гуманитарлық бағытта көрсеткен нәтижесі үшін грамота алған оқушымыздың фото-дайджесті
Аудандық " Мәшһүр-Жүсіп" оқуылары
23
январь
2024
Аудандық " Мәшһүр-Жүсіп" оқуылары
Аудандық " Мәшһүр-Жүсіп" оқуыларында ғылыми жоба байқауынан мектебіміздің  8-сынып оқушысы Тұрсынбек Назира 1-орын иеленді
"Ана тілің -арың бұл"
19
январь
2024
"Ана тілің -арың бұл"
"Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында ұйымдастырылған аудандық "Ана тілің-арың бұл" атты бейнеролик байқауынан оқушыларымыз жүлделі орындар алып, мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар иеленді.
"Жыр алыбы-Жамбыл"
19
январь
2024
"Жыр алыбы-Жамбыл"
19.01.2024ж аудан мектептері арасында ұйымдастырылған "Жыр алыбы -Жамбыл" жас ақындар айтысынан мектебіміздің 8-сынып оқушысы Балтабек Әділет жүлделі орын иеленіп, облысқа жолдама алды
Педагогикалық тандем-2024
18
январь
2024
Педагогикалық тандем-2024
Бүгін мектебімізде «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті.  Жобаның мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау және тәжірибе алмасу. Жас мамандарымыз тәлімгерлерімен бірге өз жобаларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға алғыс білдіреміз.  Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген математика пәні мұғалімі Мұхамедмолдина Шынар және тәлімгері Сапарова Айман Есімжанқызы
Ауыл мектептерінің Республикалық олимпиадасы
18
январь
2024
Ауыл мектептерінің Республикалық олимпиадасы
Қазақстан Республикасының ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым акамедиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында ұйымдастырылған ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының Республикалық кезеңіне мектебіміздің 11"ә" сынып оқушысы Құланбек Қыран физика пәнінен қатысып, сертификат иегері
Пән апталығы
15
январь
2024
Пән апталығы
"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.01.2024 ж оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шеберліктері мен біліктілігін көрсете отырып, ағылшын тіл пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 15.01-19.01.2024 ж аралығында өткізілетін ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің салтанатты ашылуы болды.
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
05
январь
2024
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында 2024 жылдың 5 қаңтар күні каникулдық мектеп аясында "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ базасында "Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "атты тақырыпта аудан көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын арттыру (тәжірибе алмасу). Семинарға әр мектептен келген 60 бастауыш