15
май
2025
"ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІ"

«Жас сарбаз – ел қорғаны!»Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің оқушылары аудандық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық байқауында ерекше дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, I орынды жеңіп алды!
Бұл жеңіс – оқушыларымыздың жауапкершілігі мен ерік-жігерінің, жетекші ұстаздардың бағыт-бағдарының және мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің жемісі. Байқау барысында қатысушылар саптық дайындық, спорттық жаттығу, әскери білім мен зейінділік бойынша сынға түсіп, жоғары нәтиже көрсетті.
«Жас сарбаз» – бұл тек жарыс емес, нағыз тәрбие мектебі. Оқушыларымыз туған елге деген сүйіспеншілігін, тәртіпке деген құрметін, нағыз азаматқа тән қасиеттерін осы байқау арқылы көрсете білді.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Мектебіміздің мерейі әрқашан үстем болғай!
#ЖасСарбаз #Жеңіс2025 #ЖСыдықовМектебі #ПатриоттықТәрбие #МектепЖетістігі #ЕлТірегіЖастар