Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала-2022» республикалық олимпиадасы басталды » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала-2022» республикалық олимпиадасы басталды
18
февраль
2022

Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала-2022» республикалық олимпиадасы басталды

Алматы, BAQ.KZ. Олимпиада «Елбасы Академиясы» Қоры мен Алматы облысы Білім басқармасының қолдауымен  өткізіледі. Биылғы жылы 30 мыңнан астам 5-6- сыныптағы ауыл мектептерінің  оқушылары қатысады деп күтілуде. Бұл туралы «Jetisý Media» ақпараттық алаңы хабарлады.
Олимпиадаға тіркеу 20 наурызға дейін жалғасады, сондай-ақ жеңімпаздар облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.
Олимпиада Міндеттері:
1) ауыл мектептері оқушыларының теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету;
2) дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды іріктеу және даярлау.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. І кезеңде Олимпиадаға қатысушылар онлайн - платформада танымдық ойлау деңгейін анықтау үшін кешенді тестілеу тапсырады.
Олимпиаданың I кезеңі когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеуден тұрады және екі бөлімнен тұрады:
1) «Логикалық ойлау»;
2) «Кеңістіктік ойлау».
I кезеңге қатысу үшін Олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.
ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми ресурста жарияланады.
Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жүргізіледі, оған бөлімдер бойынша оқушылардың академиялық білімін бағалау кіреді:
1) «Математикалық сауаттылық»;
2) « Қазақ тілі», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін;
3) «Орыс тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін;
4) «Ағылшын тілі»;
5) «Жаратылыстану».Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/index.php/auyl-mektepterine-arnalgan-myn-bala-2022-respublikalyq-olimpiadasy-bastaldy_273410/


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив