Материалы за Январь 2024 года » Страница 2 » "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского района
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
" Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Ата-аналар жиналысы
19
январь
2024
Ата-аналар жиналысы
2024 жылдың 19 қаңтар күні  Аудандық білім бөлімінің  38 бұйрығына сәйкес балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды және бастауыш сынып оқушыларын балабақшаға және мектепке ата- аналары немесе заңды өкілдері алып келіп және  алып қайтуы қамтамасыз етілуі жайлы бастауыш сынып ата- аналарына  жиналыс өткізілді.
"Ұлттық код"айы
19
январь
2024
"Ұлттық код"айы
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Ұлттық код" айына орай, "Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу"  тақырыбында  мектепалды сыныптар арасында іс-шаралар өткізілді.
"Жыр алыбы-Жамбыл"
19
январь
2024
"Жыр алыбы-Жамбыл"
19.01.2024ж аудан мектептері арасында ұйымдастырылған "Жыр алыбы -Жамбыл" жас ақындар айтысынан мектебіміздің 8-сынып оқушысы Балтабек Әділет жүлделі орын иеленіп, облысқа жолдама алды
Педагогикалық тандем-2024
18
январь
2024
Педагогикалық тандем-2024
Бүгін мектебімізде «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті.  Жобаның мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау және тәжірибе алмасу. Жас мамандарымыз тәлімгерлерімен бірге өз жобаларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға алғыс білдіреміз.  Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген математика пәні мұғалімі Мұхамедмолдина Шынар және тәлімгері Сапарова Айман Есімжанқызы
Ауыл мектептерінің Республикалық олимпиадасы
18
январь
2024
Ауыл мектептерінің Республикалық олимпиадасы
Қазақстан Республикасының ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым акамедиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында ұйымдастырылған ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының Республикалық кезеңіне мектебіміздің 11"ә" сынып оқушысы Құланбек Қыран физика пәнінен қатысып, сертификат иегері
Қызым саған айтарым...
16
январь
2024
Қызым саған айтарым...
Балалардың денсаулығы мен дамуына кері әсерін тигізетін зиянды заттар мен әдеттерден арылу және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Ақсу аудандық аурухана дәрігері  гинеколог А.Ж.Дуйсембекова 8-11 сынып оқуышларымен әңгіме сұхбат жүргізді. Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер берді
Пән апталығы
15
январь
2024
Пән апталығы
"Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" отдела образования Кербулакского районанде 15.01.2024 ж оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шеберліктері мен біліктілігін көрсете отырып, ағылшын тіл пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 15.01-19.01.2024 ж аралығында өткізілетін ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінің салтанатты ашылуы болды.
Біздің мақтанышымыз...
06
январь
2024
Біздің мақтанышымыз...
Мектепшілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қаңтардың 6 күні мектебіміздің география пәні мұғалімі М.Т. Тілеулі мұражайларға саяхат жүргізді. Мақсаты:саяхаттау арқылы жерімізден шыққан танымал тұлғалармен таныстыру.Балалардың сөздік қоры мен ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру. Балаларға қуанышты көңіл кдомсыйлау.Достыққа,ұйымшылдыққа баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
05
январь
2024
"Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "
Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында 2024 жылдың 5 қаңтар күні каникулдық мектеп аясында "Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"КММ базасында "Бірлескен жұмыс-біздің тәжірибемізде "атты тақырыпта аудан көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын арттыру (тәжірибе алмасу). Семинарға әр мектептен келген 60 бастауыш
“ Менің болашақ мамандығым”
05
январь
2024
“ Менің болашақ мамандығым”
Тәрбие жоспарына сәйкес қысқы демалыс күндері  көркем еңбек бірлестігінің жетекшісі  И.К.Жәнібекованың  ұйымдастыруымен “ Менің болашақ мамандығым” тақырыбында 5 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.