«Мектебім, саған мың алғыс!»
«Мектебім, саған мың алғыс!» Соңғы қоңырау — балалық шақпен қоштасудың, жаңа өмірге қадам басудың нышаны. Бүгін мектебіміздің ауласында толқыныс пен қуаныш қатар өрбіген ерекше күн өтті. 11-сынып түлектері ақ бантигі мен көк лентасын тағып, мектеппен қоштасу сәтін жүрек тебіренісімен қарсы алды. Құттықтау сөздер, естелік әндер, гүл шоқтары мен көз жасына толы сәттер… Мектеп қабырғасынан алған білім мен тәрбие – өмірлік жолда шамшырақ боларына сенеміз. Сәт сапар, түлек! #СоңғыҚоңырау