Отбасы-бақыт мекені
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Осыған орай отбасындағы ынтымақты, өзара сыйластықты арттыру мақсатында “Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім” тақырыбында мектеп оқушылары видеоролик жасады. #aksu_bilim_bolimi20 #zhetisu_umc #marat.suleimenov81 #zhetysu_bilim #marlen_kolbaev