03
март
2025
“Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу”
Мектебімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті!Бүгін мектебімізде теолог маманның қатысуымен “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында ақпараттық іс-шара ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға радикалды идеологиялардың қауіптілігі, дінді дұрыс түсіну және зайырлы қоғамдағы діни сенімнің орны туралы түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, оқушылардың ораза ұстау тәртібі, оның физиологиялық және рухани мәні туралы да маңызды сұхбат өтті. Теолог маман жастардың діни білімін дұрыс қалыптастыруға бағытталған кеңестер беріп, олардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
🔹 Қауіпсіз қоғам – біздің ортақ міндетіміз!
🔹 Білімді бол, сеніміңді дұрыс қалыптастыр!
#ДіниСауаттылық #ЭкстремизмгеЖолЖоқ #ТерроризмгеҚарсы #Ораза #РуханиДаму #МектепІсШарасы